457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуропа лигасы: «Қайрат» «Андерлехтпен» алғашқы ойынын өткізеді

Бұл кездесу 20 тамызда Қазақстан уақытымен 20:00-де Алматы қаласында басталады.

UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп жазады malimsports.kz. 

Бұл кездесу бүгін, 20 тамызда Қазақстан уақытымен 20:00-де Алматы қаласында басталады.
Кездесуде Англиядан келген Крис Кэванах бас төреші болады. Оған отандастары Дэниэл Кук пен Иан Хассин көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі - Роберт Джонс. Бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісі міндеті Стюарт Эттуэллға жүктелсе. көмекшінің ассистенті Мэтью Донохью болады.

«Андерлехт» 1908 жылы құрылған. Өз елінде 34 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ Бельгия кубогын 9 мәрте төбесіе көтерді. 

Ал 1976, 1978 жылдары Кубок иелері кубогына қол жеткізсе, 1983 жылы UEFA кубогын алды. 
Айта кетсек, алматылық команда еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0),

Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді. Одан кейін Болгарияның «Левски» командасына (0:1, 0:1) жол берді.

Сондай-ақ, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубтарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.

Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі

Ең көп оқылған