«Еурокубоктың күзгі кезеңіне жолдама алдық»: Рафаэль Уразбахтин «Омониямен» матчтан кейін пікір білдірді
«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Омонияны» жеңіп (1:0, пенальтиде – 6:5), келесі кезеңге өткеннен кейін ойынға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Ең алдымен барлық жанкүйерді құттықтаймын. Олардың қолдауы командаға үлкен күш береді. Бүгінгі матч футболды жақсы көретін жанкүйерлерге эмоция, гол және пенальти сериясын сыйлады. Әрине, біз ойынды пенальтиге дейін жеткізуді жоспарлаған жоқпыз. Бірақ, ең бастысы, бәрі біздің пайдамызға шешілді.
Қарсылас ойыншысы алаңнан қуылғанға дейін де өз ойынымызды сауатты жүргіздік. Қарсыластың қауіпті тұстарын шектей алдық. Дайындыққа уақыт аз болғанымен, алғашқы кездесуді жан-жақты талдап, теориялық жаттығуларға ерекше мән бердік.
Команда ең төменгі міндетін орындады – біз еурокубоктың күзгі кезеңіне жолдама алдық. Бірақ бұл біз үшін соңғы меже емес. Енді бұдан да биік мақсаттарға ұмтылып, алдымыздағы міндеттерді орындауға тырысамыз», – деді Рафаэль Уразбахтин.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған