Мәзір
Футбол

EURO-2027: Қазақстан жастары Словакияға жол берді

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
EURO-2027: Қазақстан жастары Словакияға жол берді

Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Словакия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

D тобында өнер көрсетіп жатқан отандастарымыз бұл жолы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 79-минутта Мағжан Тоқтыбай соқты.

Келесі матчта Владимир Чебурин шәкірттері 31 наурыз күні Түркістанда Ирландия құрамасына қарсы ойнайды.

Топтағы қарсыластары – Англия, Словакия, Ирландия, Андорра және Молдова.

Бас бапкер Владимир Чебурин аталған ойындарға бірқатар жас футболшыларды шақырған болатын. Команда сапында ел біріншілігінде өнер көрсетіп жүрген ойыншылар басым.

Қазіргі таңда команда 5 матчтың қорытындысы бойынша 1 жеңіс, 1 тең ойын тіркеп, қалған кездесулерде жеңіліс тапты.

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар