EURO-2027: Қазақстан жастар құрамасы Ирландиядан жеңіліп қалды
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы EURO-2027 іріктеу кезеңіндегі жетінші ойында Ирландия құрамасына жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Түркістанда өткен ойын тағдырын 89-минутта ирландиялық Ойзин Галлахер соққан жалғыз гол шешіп кетті.
Қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы 5 кездесуде 1 жеңіс, 1 тең нәтиже тіркеп, қалған ойындарда жеңіліс тапты. Команда Андорраны 1:0 есебімен жеңсе, Молдовамен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал Англиядан 0:2, Андоррадан 0:1 және Словакиядан екі рет (1:2, 1:3) жеңілді.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы үш ойынды сырт алаңда өткізеді. 25 қыркүйекте Англия құрамасымен кездессе, 29 қыркүйекте қайтадан Ирландиямен ойнайды. Ал 6 қазанда Молдова құрамасына қарсы матч өткізеді.
Фото: ҚФ
Ең көп оқылған