Мәзір
Футбол

Еуро-2026: Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцеговинамен тең түсті

Сабира Жанаберген 228 қаралым
Еуро-2026: Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцеговинамен тең түсті

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговина құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Осы нәтижеден кейін екі тур қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар төрт ұпай жинап, B3 тобында көш бастап тұр. Бұған дейін олар алғашқы ойында Грузияны 4:2 есебімен ұтқан болатын.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы 30 қазанда Латвиямен кездеседі. Бұл ойында А лигасына жолдама тағдыры шешіледі.

Айта кетейік, жарыстың келесі кезеңі 2026 жылдың көктемінде, ал финалдық бөлігі 3-16 мамыр аралығында Солтүстік Ирландияда өтеді деп жоспарланған.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар