Мәзір
Футбол

EURO-2026: Қазақстан футзал құрамасы сырт алаңда Италиямен кездеседі

Сабина Асқарқызы 150 қаралым
EURO-2026: Қазақстан футзал құрамасы сырт алаңда Италиямен кездеседі

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсылас – құрлықтың ең мықты командаларының бірі саналатын Италия құрамасы, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч Қазақстан уақытымен 22:50-де басталады. Матч Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қарымта кездесу 23 қыркүйекте Астанада ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орын алғандықтан, енді Еуропа чемпионатына жолдама үшін плей-офф арқылы сынға түсуде.

Сары қағаз көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео алаңға шыға алмайды. Жарақатына байланысты Жахангир Рашит те ойыннан тыс қалды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың матчқа қатысуына мүмкіндік бар.

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака Италияға қарсы екі кездесуге төмендегі құрамға сенім артты:

Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов.

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин, Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов.

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар