457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2016 чемпионы Нани қазақстандық «Ақтөбе» клубына ауысты

 39 жастағы жартылай қорғаушымен жасалған келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Португалия құрамасының сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатын жеңіп алған әйгілі футболшы Нани қазақстандық «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram желісінде хабарлады. 39 жастағы жартылай қорғаушымен жасалған келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Нани футболдағы кәсіби мансабында көптеген атақты клубтардың намысын қорғады. Атап айтқанда, ол «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Валенсия», «Фенербахче» және «Лацио» командаларында өнер көрсетті.
«Манчестер Юнайтед» сапында ол Англия чемпионатын төрт рет жеңіп, Чемпиондар лигасының кубогын иеленген.

Португалия ұлттық құрамасы үшін Нани 111 матч өткізіп, 24 гол соққан.

Айта кетерлігі, футболшы 2024 жылдың желтоқсан айында мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялаған болатын. Соған қарамастан, ол кәсіби футболға қайта оралып, Қазақстан чемпионатында ойнауды таңдады.

Өткен маусымда «Ақтөбе» клубы Қазақстан чемпионатын бесінші орында аяқтады. 2026 жылғы маусым наурыз айында басталады.

Фото: Ашық дереккөз