«Ертіс» құрамын бразилиялық легионермен күшейтті
Павлодардың «Ертіс» клубы тәжірибелі бразилиялық жартылай қорғаушы Лукас Рамоспен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды malimsports.kz.
31 жастағы футболшы Қазақстанға Польшаның «Одра Ополе» клубынан ауысып келді. Өткен маусымда ол аталған команда сапында 25 матч өткізіп, екі голдың авторы атанған.
Лукас Рамос кәсіби мансабында бірнеше елдің чемпионаттарында өнер көрсеткен. Ол Грекия, Албания, Кипр, Индонезия және Польша клубтарының намысын қорғап, халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинаған.
Бразилиялық ойыншы кәсіби карьерасында 150-ден астам ресми матч өткізіп, Еуропа чемпионаттары мен еурокубок турнирлерінде де алаңға шыққан.
Қазір «Ертіс» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қиын жағдайда тұр. Павлодарлық клуб 12 турдан кейін 9 ұпай жинап, 14-орында келеді.
Бүгін Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтыратын команда ҚПЛ-дің 13-туры аясында сырт алаңда «Астанамен» кездеседі.
Фото: instagram/lucasramos95_
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған