Мәзір
Футбол

«Ертіс» араға бірнеше жыл салып Премьер-лигаға қайта оралды

Сабина Асқарқызы 125 қаралым
«Ертіс» араға бірнеше жыл салып Премьер-лигаға қайта оралды

Футболдан Бірінші лиганың ХХІІІ тур ойындары аяқталды. Бұл күні алғашқы үштікке талас жүргізіп келе жатқан «Каспий», «Ертіс», «Алтай» және «Шахтер» клубтары өз кездесулерін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Павлодардың «Ертісі» Алматының «Хан тәңірі» командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңіп, бірнеше жылдық үзілістен кейін Қазақстан Премьер-лигасына жолдама иеленді.

Сол күні қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Таразды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал «Қайрат-2» Ақтаудың «Каспийінен» 2:3 есебімен ұтылса, «Жетісай» командасы Өскеменнің «Алтайына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін турнир кестесінің көшбасында тұрған «Каспий» жоғары лигаға жолдама алған болатын. Қазіргі таңда 24 тур қорытындысы бойынша «Каспий», «Ертіс», «Алтай» және «Шахтер» үздік орындарды бөлісіп тұр.

 

Фото: "Ертіс" футбол клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар