«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд әлем чемпионатынан кейін ұзын шашымен қоштасып, жаңа образын көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
26 жастағы футболшы Instagram-да қысқа шаш үлгісімен түскен бірнеше суретін жариялады.
Холанд ұзын шашын бірнеше жылдан бері сақтап келген. Оның айтуынша, бұл стильді оған бір кездері Златан Ибрагимович ұсынған.
«Қысқа шаш па? Маған бәрібір», - деп жазды футболшы жаңа суреттеріне.
ЧМ-2026 кезінде Холанд Норвегия құрамасы сапында 7 гол соғып, турнир барысында Instagram-дағы аудиториясын 32 млн-нан астам адамға арттырған.
Айта кетейік, Холанд Transfermarkt бағалауынша, €220 млн көрсеткішімен Ламин Ямальмен бірге әлемдегі ең қымбат футболшылардың қатарында тұр. Ал «Манчестер Сити» АПЛ-дегі жаңа маусымын жексенбі күні «Борнмутқа» қарсы бастайды.
Фото: erling / Instagram