457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еркін Тапалов: «Тобылмен» матчта соңғы жағында концентрация жетіспеді

Осылайша, «Тобыл» өз тарихында төртінші рет Қазақстан Суперкубогын иеленді.

Алматының «Қайрат» клубының қорғаушысы Еркін Тапалов Қазақстан Суперкубогы аясында қостанайлық «Тобылмен» өткен матчтан кейін пікір білдірді.

«Жеңіліп жатып, таразы басын теңестірдік. Кейін есепте алға шықтық. Бапкер айтқандай, ойынды көбірек бақылауда ұстадық. Бірақ, әдеттегідей, соңында концентрация жетіспей қалды, соның салдарынан гол жіберіп алдық. Өте өкінішті жеңіліс болды. Дегенмен, «Тобыл» командасы жарады, жеңісті жұлып алды. Оларды жеңістерімен құттықтаймын», – деді футболшы.

Еске салайық, бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтті. Онда «Қайрат» пен «Тобыл» кездесті. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти сериясында қостанайлық клуб дәлірек болып, жеңіске жетті.

Осылайша, «Тобыл» өз тарихында төртінші рет Қазақстан Суперкубогын иеленді.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі