«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет шетелге тым ерте кеткенін өзінің ең үлкен қателігі деп атады. Бұл туралы ол YouTube-тағы «Футбол Жолы» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Уфа» клубы мені өз қатарында қалдырғысы келді. Бірақ жарақаттар жиі қайталанғандықтан, тезірек үйге қайтқым келді. 18 жасымда жалғыз өзім шетелге кеттім, отбасым жанымда болған жоқ. Әсіресе тіл мәселесі қиын тиді. Соған қарамастан, «Уфа» мені сеніммен ұстағысы келді, бірақ амал жоқ, клуб мені сатуға мәжбүр болды. Шын мәнінде, алдымен Қазақстанда бірнеше жыл ойнап, тәжірибе жинап барып, содан кейін шетелге шығуым керек еді», – деді футболшы.
Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет - қазақстандық футболдағы ең көп үміт артылған жас ойыншылардың бірі. Ол мансабын ерте бастап, Ресейдің «Уфа» клубында, сондай-ақ Болгария мен Португалия біріншіліктерінде өнер көрсеткен.
Биылғы маусымда Сейдахмет «Ақтөбе» сапында 20 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.