Мәзір
Футбол

«Ердоған көмектесті». Н’Голо Канте «Фенербахче» клубы ауысты

Сабина Асқарқызы 93 қаралым
«Ердоған көмектесті». Н’Голо Канте «Фенербахче» клубы ауысты

Түркияның «Фенербахче» клубы француз жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте командаға қосылғанын ресми түрде жариялады.

Футболшы Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубынан қысқы трансферлік терезеде Стамбұл ұжымына ауысты.

Sports Digitale мәліметінше, Канте 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойған. Бұл келісім 2025/2026 маусымының қалған бөлігіне және тағы екі толық маусымға есептелген.

Футболшының жалақысы:

2025/2026 маусымының қалған бөлігінде – €5,5 млн

келесі екі маусымда – жылына €11 млн

Сонымен қатар, ойыншыға ауысқан сәтте €14,4 млн көлемінде бонус төленген.

Осылайша, Канте «Фенербахчеде» үш толық емес маусым ішінде жалпы есеппен €41,9 млн табыс табады.

«Фенербахче» президенті Садеттдин Саран Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Канте трансферін аяқтауға көмектескені үшін алғыс білдірді. Бұл хат клубтың Instagram парақшасында жарияланды.

Саранның айтуынша, Ердоғанның қолдауы трансфер процесін сәтті аяқтауға мүмкіндік берген.

Ал Hürriyet басылымының дерегінше, Ердоған Сауд Арабиясына сапары кезінде келіссөздерге араласқан.

Кантенің биылғы көрсеткіші

Биылғы маусымда Н’Голо Канте «Әл-Иттихад» сапында барлық турнирде:

26 матч өткізді

2 гол соқты

1 нәтижелі пас берді.

Фото:globallookpress.com

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар