457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Энцо Мареска «Челсидің» бас бапкері қызметінен кетті

Мареска жетекшілік еткен «Челси» Конференциялар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

Итальяндық маман Энцо Мареска Лондонның «Челси» футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткенін клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Тараптардың келісімі бойынша қабылданған бұл шешім өткен маусымдағы табысты нәтижелерге қарамастан жүзеге асты. Атап айтқанда, Мареска жетекшілік еткен «Челси» Конференциялар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Алайда клуб басшылығы мен бапкер команда үшін жаңа кезең қажет деген ортақ пікірге келген.

45 жастағы Мареска «Челсиді» 2024 жылдың маусымында басқаруға келіп, алғашқы маусымының өзінде екі халықаралық трофейге қол жеткізді. Дегенмен, Англия премьер-лигасының қазіргі маусымында команда 19 турдан кейін 30 ұпаймен бесінші орында тұр. Соңғы тоғыз матчта барлық турнирлерде «Челси» небәрі екі рет жеңіске жетіп, төрт кездесуде тең ойнап, үш ойында жеңіліс тапты.

Мареска «Челсиге» дейін «Вест Хэм», «Манчестер Сити» және «Севилья» клубтарында бапкердің ассистенті болып жұмыс істеген. Сонымен қатар «Лестерді» жаттықтырып, команданы Премьер-лигаға шығарды. Футболшы ретіндегі мансабында жартылай қорғаушы позициясында ойнап, «Севильямен» бірге УЕФА кубогын жеңіп алған және «Ювентус» сапында өнер көрсеткен.

Фото: Ашық дереккөзден