УЕФА Чемпиондар лигасының екінші тур аясындағы «Қайрат» пен Мадридтің «Реал» клубы арасындағы матчта «Қайрат» қақпасын қорғаған 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға шетелдік жанкүйерлер, әсіресе Испания футбол сүйер қауымы ерекше ықылас білдіріп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шерхан Қалмырзаның Instagram парақшасына қазақстандықтармен қатар испандық жанкүйерлер де жылы пікір қалдыруда.
«Мен – «Реал Мадридтің» жанкүйерімін. Сіздің дарыныңыз ерекше. Осы қарқыныңызды сақтасаңыз, үлкен жетістіктерге жетесіз.»
«Бар жақсылықты тілеймін, бауырым. Біз, мадридтік жанкүйерлер, сені жақсы көреміз.»
«Жарайсың, бауырым! «Реалға» қарсы маңызды сейв жасадың. Сен кереметсің. Осы қарқыныңды жалғастыра бер.»
«Мен «Реалдың» жанкүйерімін, бірақ сенің ойының өте жоғары деңгейде болды. Алға!»
«Жас болсаң да тамаша ойнап жүрсің. Болашақта ұлы қақпашылардың бірі боласың.»
«Еңбекқор болып, өзіңе сен. Бір күні Еуропаның ең мықты клубтарының қақпасын қорғайсың.»
Фото: kazfootball.kz