457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еліміздің тағы бір өңірінде УЕФА талапбына сай футбол стадионы салынады

Оралда Қазақстан Премьер-лигасы мен УЕФА талаптарына толық сәйкес келетін жаңа футбол стадионы салынады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жоба халықаралық талаптарға сай әзірленген. Жаңа арена Премьер-лига матчтарын ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі футбол жарыстарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Стадион 12 мың көрерменге арналған.

Жоба аясында заманауи сәулеттік және инженерлік шешімдерге басымдық берілген. Нысанның басты ерекшеліктерінің бірі – бейнероликтерді, ақпараттық және жарнамалық контентті көрсетуге арналған динамикалық медиафасад болады.

Спорт кешені аумағында жанкүйерлерге арналған арнайы сауда аймағы да қарастырылған. Мұнда «Жайық» футбол клубының ресми атрибутикасы мен кәдесый өнімдері сатылатын болады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жаңа стадион Орал қаласының жаңа сәулеттік келбетінің символына айналып, өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.

Сондай-ақ қаланың Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орналасуы болашақта шетелдік командалар мен мыңдаған жанкүйерді қабылдауға қолайлы жағдай жасап, халықаралық футбол туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

 

Фото: скриншот

Ең көп оқылған