«Елімайдың» бұрынғы ойыншысына Беларусьте іздеу жарияланды
Беларусь Ішкі істер министрлігі бұрын семейлік «Елімай» клубында өнер көрсеткен футболшы Николай Золотовты іздеуге жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Николай Золотов 2024 жылғы маусымда «Елімай» сапында жеті матч өткізіп, кейін Молдованың «Зимбру» клубына ауысқан болатын.
Ресми мәліметке сәйкес, футболшы 2026 жылғы 7 шілдеде іздеуде жүрген тұлғалар тізіміне енгізілген. Ол Витебск облысында қозғалған қылмыстық іс аясында іздестірілуде.
Беларусь бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін елдің спорт министрі Сергей Ковальчук Николай Золотовты билікті сынағаны және Ресейдің Украинадағы әскери іс-қимылдарын айыптағаны үшін «қара тізімге» енгізген.
Айта кетейік, Николай Золотов 2021-2023 жылдары Украинаның «Колос» клубында өнер көрсетті. Сондай-ақ 2019-2021 жылдар аралығында Беларусь ұлттық құрамасы сапында 14 матчқа қатысқан.
Фото: abff.by
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған