Мәзір
Футбол

«Елімай» хорватиялық жартылай қорғаушымен толықты

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
«Елімай» хорватиялық жартылай қорғаушымен толықты

Семей қаласының «Елімай» футбол клубы ҚПЛ-дың жаңа маусымына және еурокубоктық ойындарға дайындық аясында құрамын күшейтіп жатыр, malimsports.kz.

Клуб 26 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы Хрвое Иличпен ресми түрде келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

Хрвое Илич кәсіби мансабын 2013 жылы Хорватияның «Осиек» клубында бастаған. Кейін ол Загребтің атақты «Динамосы» сапында өнер көрсетіп, одан кейін Италияның «Пескара» және Украинаның «Кривбасс» клубтарында доп тепті.

Футболшы 2013 жылдан бастап Хорватияның жасөспірімдер және жастар құрамаларына тұрақты түрде шақырылып отырды. Ұлттық құраманың кіші жас санаттарында шамамен 25 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Айта кетейік, Иличтің тәжірибесі мен еуропалық деңгейдегі ойын практикасы «Елімайдың» ішкі біріншілік пен халықаралық ареналардағы мақсаттарын орындауға сеп болмақ.

 

 

Фото: "Семей" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар