457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Елімай» Түркістанда «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді

«Ақтөбе» 3 ұпаймен турнирлік кестеде 8-орынға сырғыды

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында «Ақтөбе» командасы семейлік «Елімайды» қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Кездесу «Түркестан Арена» стадионында өтті. Ойынды астаналық төреші Арман Есмұратов бастаған төрешілер бригадасы басқарды.

Матчтың алғашқы бөлігінде алаң иелері белсенді ойын көрсетті. Жоғары қарқын мен қысымның арқасында 17-минутта Артур Шушеначев есеп ашып, «Ақтөбені» алға шығарды. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Алайда үзілістен кейін ойын барысы түбегейлі өзгерді. «Елімай» шабуылды күшейтіп, 59-минутта Фессу Плакка таразы басын теңестірді. Осыдан кейін семейлік клуб толықтай басымдыққа ие болды.

78-минутта Роман Муртазаев қонақтарды алға шығарса, 85-минутта Айбар Жақсылықов есеп айырмасын ұлғайтты. Ал қосымша уақытта Муртазаев дубль жасап, матчтың нүктесін қойды – 1:4.

Матч нәтижесі:

«Ақтөбе» – «Елімай» – 1:4
Голдар:
Шушеначев, 17 (1:0). Плакка, 59 (1:1). Муртазаев, 78 (1:2). Жақсылықов, 85 (1:3). Муртазаев, 90+2 (1:4).

Бұл жеңілістен кейін «Ақтөбе» 3 ұпаймен турнирлік кестеде 8-орынға түсті. Ал «Елімай» 5 ұпай жинап, бесінші сатыға көтерілді.

Фото: «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі