Елімай» – «Ордабасы» матчының төрешісі Арман Есмұратов үш айға футболдан шеттелді
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті Премьер-лиганың 13-турындағы «Елімай» – «Ордабасы» матчынан кейін орын алған оқиғаларға байланысты бірқатар қатаң шешім қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Комитет шешімі бойынша, бас төрешіге физикалық қысым көрсетуге әрекет жасаған «Елімай» ойыншысы Жан Әли Пайруз төрт матчқа дисквалификацияланды. Сондай-ақ матчтан кейін төрешілер шешіміне агрессивті түрде қарсылық білдіріп, жанжалдың туындауына себеп болды деп танылған бас бапкер Андрей Карпович те төрт ойынға шеттетілді.
Бұдан бөлек, төрешілер бөлмесіне заңсыз кіріп, матчтың ресми тұлғаларына балағат сөздер айтып, қорқыту әрекеттерін жасағаны үшін клубтың басқарушы директоры Федор Симинидиге 1 қазанға дейін стадиондарға кіруге тыйым салынып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Команданың жанкүйерлері тарапынан төрешілерге қорлайтын сөздер айтылып, алаңға бөгде заттар лақтырылғаны және қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны үшін «Елімай» клубына 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар матч барысында бір ойыншы мен екі клуб өкілінің алаңнан қуылуына байланысты клуб тағы 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Оқиғаға қатысы бар төреші Арман Есмұратов та жауапкершіліктен тыс қалмады. ҚФФ Әдеп кодексін бұзғаны үшін ол 24 маусымнан 1 қазанға дейін төрешілік қызметінен шеттетілді.
Осылайша, «Елімай» – «Ордабасы» кездесуінен кейінгі дау ҚФФ тарапынан қатысушылардың барлығына қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданумен аяқталды.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған