457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Елімай» Мәскеудің «Спартак» клубымен кездесті

Кездесу 2:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді.

Дубайда (БАӘ) мәскеулік «Спартак» пен «Елімай» командалары арасында өткен жолдастық матч аяқталды.

Кездесу 2:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді.

Жеңімпаздар сапында Антон Заболотный мен Манфред Угальде гол соқты. Ал «Елімай» құрамында Айбар Жақсылықов мергендік танытты.

Ресей Премьер-лигасында (РПЛ) маусымның алғашқы бөлігінен кейін мәскеулік «Спартак» 18 турда 29 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Чемпиондық бәсекеде 40 ұпаймен «Краснодар» көш бастап келеді.

Еске салайық, өткен маусымда «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) 4-орын алып, өз тарихында алғаш рет еурокубок жолдамасына ие болды. Клуб Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Фото: «Елімай» клубының баспасөз қызметі