Мәзір
Футбол

«Елімай» клубы құрамын бразилиялық шабуылшымен күшейтті

Сабина Асқарқызы 51 қаралым
«Елімай» клубы құрамын бразилиялық шабуылшымен күшейтті

Семейдің «Елімай» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Рожерио Алвис дос Сантостың (Шина) команда құрамына қайта қосылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Шина 1996 жылғы 2 тамызда Бразилияның Сан-Паулу қаласында дүниеге келген. Бойы – 179 сантиметр. Кәсіби мансабында Львовтың «Карпаты» мен «Львов», Қазақстанның «Ақтөбе», БАӘ-нің «Дибба Әл-Фуджайра» және Вьетнамның «Намдинь» клубтарында өнер көрсеткен.

Бразилиялық шабуылшы 2024 жылғы маусымда «Елімай» сапында 21 матч өткізіп, 4 гол соққан болатын.

Енді бразилиялық футболшы Семейге қайта оралып, жасыл-ақ жейдені қайта киеді және командамыздың жеңістеріне өз үлесін қосады! – деп жазды семейлік клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шина бұған дейін де «Елімай» сапында сәтті өнер көрсетіп, команда жанкүйерлерінің ықыласына бөленген болатын.

 

Фото: "Елімай" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар