Эболаға байланысты карантиннен өткен Конго құрамасы АҚШ-қа кірді
Конго Демократиялық Республикасы ұлттық футбол құрамасы АҚШ аумағына кіруге рұқсат алып, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін Хьюстон қаласына жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұған дейін команда дайындық барысында Эбола вирусының таралуына байланысты қиындықтарға тап болған еді. 23 мамырда АҚШ билігі Конго құрамасының мүшелері елге кірер алдында міндетті түрде 21 күндік карантиннен өтуі тиіс екенін мәлімдеген. Бұл талап орындалмаған жағдайда команда әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін болатын.
Еске салсақ, сәуір айының соңында Конго Демократиялық Республикасында геморрагиялық Эбола қызбасының жаңа ошағы тіркелді. Ал 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы індеттің таралуын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.
Әлем чемпионатында Конго құрамасы К тобында өнер көрсетеді. Команда алғашқы кездесуін 17 маусымда Хьюстон қаласында Португалияға қарсы өткізеді. Кейін 23 маусымда Гвадалахарада Колумбиямен, ал 27 маусымда Атлантада Өзбекстан құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған