457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дональд Трамп Ақүйде Мессиді командаластарымен бірге қабылдады

Кездесуге 2025 жылғы Major League Soccer (MLS) чемпиондығын жеңіп алған «Интер Майами» клубының ойыншылары арнайы шақырылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Леонель Месси мен оның клубы — Inter Miami CF ойыншыларын қабылдап, аргентиналық жұлдызды Пеле және Криштиану Роналду секілді аңыздармен салыстырды, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесуге 2025 жылғы Major League Soccer (MLS) чемпиондығын жеңіп алған «Интер Майами» клубының ойыншылары арнайы шақырылды.

Кездесу 5 наурыз, бейсенбі күні өтті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
«Мен бұрын бірде-бір америкалық президент айтпаған сөзді айтқалы тұрмын: Ақ үйге қош келдің, Лионель Месси. Лео — футболдан әлем чемпионатының иегері әрі “Алтын доптың” қазіргі иесі. Сен әлемдегі кез келген клубты таңдай алатын едің, бірақ Майамиді таңдадың. Мен сені түсінемін, өйткені ол жерде ауа райы өте жақсы», - деді АҚШ президенті кездесуде.

Трамп сондай-ақ ұлының аргентиналық футболшының жанкүйері екенін айтып, Мессиді «тамаша адам» деп атады.

«Тағы бір ұлы джентльмен бар - Криштиану Роналду. Криштиану - керемет, ал сен де ұлы ойыншысың», - деді  Трамп. 

Сонымен қатар, Трамп Мессиді бразилиялық аңыз Пелемен салыстырып:

«Пеленің де өте мықты болғанын айтады. Айтыңдаршы, кім мықты — Пеле ме, әлде Месси ме? Меніңше, Месси мықтырақ», - деп пікір білдірді.

38 жастағы Лионель Месси «Интер Майами» клубында 2023 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Ол бұл команда құрамында 2025 жылғы MLS чемпиондығынан бөлек, 2023 жылғы Лигалар кубогын және 2024 жылғы MLS тұрақты маусымының жеңімпазы атағын жеңіп алған.

Фото: Getty Images