Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің басталу уақыты жарияланды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC-дегі кезекті кездесуін өткізу үшін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына барды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз бұл жолы «Бразилиялық ковбой» деген лақап атпен танылған бразилиялық Бруно Лопеспен октагонға шығады.
Нұрғожай соңғы жекпе-жегінде, биылғы наурыз айында, Рафаэль Тобиасты жеңіп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді. Ал Бруно Лопес өз кезегінде соңғы айқасында Навахо Стирлингтен нокаутпен жеңілген.
Sports.kz мәліметінше, бұл кездесу екі спортшы үшін де аса маңызды. Себебі олардың UFC-дегі көрсеткіші бірдей – бір жеңіс және екі жеңіліс. Сондықтан осы жекпе-жектегі жеңіліс олардың ұйымдағы болашағына әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, Нұрғожай мен Лопес арасындағы кездесу 8 тамыздан 9 тамызға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша шамамен сағат 03:20-да басталады. Жекпе-жекті UFC-дің ресми платформасы арқылы тікелей көруге болады.
Фото: ufc.ru
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған