457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Динамо» бас бапкері Бақтиер Зайнутдиновтың қашан толыққанды жаттығуға оралатынын айтты

Мәскеудің «Динамо» клубының бас бапкері Сандро Шварц Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Sport24.ru порталына берген сұхбатында неміс маманы қазақстандық футболшының әзірге толыққанды жаттығуға дайын емес екенін айтты.

Шварцтың сөзінше, Зайнутдинов командамен бірге маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысқанымен, әзірге толық жаттығу жүктемесін көтеруге дайын емес. Қазір ол жеке бағдарлама бойынша қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соған қарамастан, «Динамоның» бапкерлер штабы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі жақын уақытта жалпы топпен жаттығуға қосылады деп үміттенеді. Клуб футболшының оңалту процесін мұқият бақылап, жарақатының қайталану қаупін болдырмау үшін оның алаңға оралуын асықтырмай отыр.

Бірақ оның жақын арада қайта оралатынына сенеміз, – деді Сандро Шварц.

 

Фото: instagram/bateka_11