Мәзір
Футбол

Дэвид Бекхэм ресми түрде рыцарь атанды

Сабина Асқарқызы 219 қаралым
Дэвид Бекхэм ресми түрде рыцарь атанды

Футбол әлемінің аңызына айналған Дэвид Бекхэм Ұлыбритания патшасы Карл III-нің қолынан рыцарь атағын алды. Салтанатты рәсім Виндзор сарайында өтті. Енді ол ресми түрде сэр Дэвид Бекхэм, ал жұбайы – Виктория Бекхэм «леди Виктория» деп аталатын болады.

Бұл жоғары марапат оған спорттағы тарихи жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін берілді.

Бекхэм марапаттан кейінгі сұхбатында патшамен болған әңгіме туралы айтып, оның стиліне тәнті екенін жасырмады:

«Патша – мен көрген ең талғампаз киінетін ер адам. Оның жас кезіндегі образдарын қарап, дәл солай киінгім келді. Костюм идеясын Виктория ойлап тапты», – деді ол күліп.

Бекхэм – әлемнің ең танымал футболшыларының бірі. Ол мансабында әйгілі клубтарда ойнады:

«Манчестер Юнайтед»

«Реал Мадрид»

«Милан»

«Пари Сен-Жермен»

«Лос-Анджелес Гэлакси»

Ол Англия құрамасында 115 матч өткізіп, үш әлем чемпионаты мен екі Еуропа біріншілігіне қатысқан.

2005 жылдан бастап UNICEF ізгі ниет елшісі

2015 жылы балаларды қорғау қорын құрды

«Солфорд Сити» және MLS клубы «Интер Майами» тең иесі

Сэр Дэвид Бекхэм – тек футбол жұлдызы ғана емес, әлемге ықпалы зор гуманист. Оның еңбегі мен стилі спорттан да алыс шекараларды бағындырды.

Фото: manutd.com

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар