Дэвид Бекхэм: Чемпиондар лигасында «Реал» топ жарады

Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады, деп хабарлайды malimsports.kz GiveMeSport порталына сілтеме жасап.
Оның пікірінше, Париждің ПСЖ клубы финалға дейін жете алады, алайда басты трофейді жеңіп алатын команда – «Реал» Мадрид.
«ПСЖ-ның құрамы өте мықты, олар финалға жақындайды. Бірақ нақты жеңімпазға келсек, мен „Реалға“ сенемін. Бұл клуб Чемпиондар лигасында қалай жеңу керегін біледі», – деді Бекхэм.
Айта кетейік, маусымның ашылу матчтарында «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді, ал ПСЖ «Аталантаны» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Бекхэм ойыншы кезінде «Манчестер Юнайтедпен» алты мәрте Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен. Кейін ол «Реал» сапында Испания чемпионы болды. Сондай-ақ Франция мен АҚШ-та ұлттық біріншілікте топ жарды.
Қазір Бекхэм «Интер Майами» клубының иесі. 2023 жылы дәл осы команда футбол жұлдызы Лионель Мессиді өз сапына қосқан еді.
Фото: championat.com


Ең көп оқылған
