457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дембеле «ПСЖ»-ның 30 млн еуролық ұсынысынан бас тартты

Париждік клуб 28 жастағы шабуылшыға жылына 30 миллион еуро жалақысы бар келісімшарт ұсынған.

Франциялық футболшы, «Алтын доптың» иегері Усман Дембеле «Пари Сен-Жермен» клубының келісімшартты ұзарту жөніндегі жаңа ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Foot Mercato басылымы жазды. Париждік клуб 28 жастағы шабуылшыға жылына 30 миллион еуро жалақысы бар келісімшарт ұсынған. Алайда Дембеленің өкілдері бұл соманы екі есеге арттыруды талап етіп отыр.

Қазіргі таңда Дембеленің «ПСЖ»-мен жасалған келісімі 2027/2028 маусымының соңына дейін жарамды.

Усман Дембеле 2023 жылдан бері «ПСЖ» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол командамен бірге Франция чемпионаты мен кубоғын 2 рет, ал

Франция Суперкубогын 3 рет иеленді. 
Сондай-ақ Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы атанған. 

Ұлттық құрама деңгейінде Дембеле Франция құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионы атанса, 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Фото: Ашық дереккөзден