Давид Вилья «Атлетико» директорлар кеңесінің құрамына қосылды
Әлем чемпионы, Испания ұлттық футбол құрамасы тарихындағы үздік бомбардир Давид Вилья мадридтік Атлетико Мадрид клубының директорлар кеңесінің мүшесі болды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Бұған дейін америкалық Apollo Global Management инвестициялық қоры өзінің Apollo Sports Capital бөлімшесі арқылы клубтың бақылау пакетін сатып алғанын мәлімдеген еді. Осы өзгерістерден кейін «Атлетиконың» директорлар кеңесінің жаңа құрамы жасақталды.
Клуб президенті қызметінде Энрике Сересо қала берді. Ал жаңа директорлар кеңесінің құрамына Давид Вилья да енгізілді.
Айта кетейік, Вилья 2013–2014 жылдары «Атлетико» сапында ойнап, командаға Ла Лига чемпионы атануға көмектесті. Сондай-ақ сол маусымда мадридтік клуб УЕФА Чемпиондар лигасы финалына дейін жеткен болатын.
Испания құрамасы сапында Давид Вилья 98 матч өткізіп, 59 гол соқты. Ол 2010 жылғы футболдан әлем чемпионаты мен Еуро-2008 турнирлерінің жеңімпазы атанған.
Қазіргі таңда «Атлетико» Испания чемпионатының 27 турында 13 ұпай айырмашылықпен көш бастап тұрған Барселона клубынан қалып, турнир кестесінде үшінші орында келеді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған