Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» болашағы туралы мәлімет белгілі болды
«Ордабасы» клубының бұрынғы қорғаушысы, сенегалдық футболшы Мамаду Мбодж «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойын мәнері мен болашағына баға беріп, оның «Челсидегі» мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Мбодждің айтуынша, Сәтпаев өткен маусымда ерекше көзге түскен. Ол алматылық клубтың бұрынғы көшбасшыларының орнын лайықты түрде толтыра алған.
«Егер сен адамдарға Жоао Паулоны ұмыттыра алсаң, демек сен шынымен мықтысың. Ал мен үшін Жоао Премьер-лиганың ең үздік футболшысы еді. Оның үстіне, Дастан Элдер Сантананың орнын да басты. Бұл – жоғары баға», - деді ол.
Сенегалдық экс-қорғаушы Сәтпаевтың жастайынан-ақ үлкен сенімге ие болғанын атап өтті.
«Мен оны алғаш көргенде әлі бала еді, бірақ қазірдің өзінде оған құрметпен қараймын», - деді Мбодж.
Сондай-ақ ол «Челсидің» трансферлік саясатына тоқталды. Оның пікірінше, лондондық клуб жас таланттарды ұзақ мерзімге есеппен сатып алады.
«Егер Англияда бірден ойыны жүрмей қалса да, басқа топ-клубқа ауысуға мүмкіндік болады. Сәтпаев бірден негізгі құрамға кіреді деп ешкім айтып отырған жоқ. Ол Германияға немесе шартты түрде "Эвертон" секілді клубқа жалға кетуі мүмкін», - деп қосты ол.
Айта кетейік, 2025 жылғы маусымның басында «Қайрат» ауыр жарақаттарға байланысты Жоао Пауло мен Элдер Сантанадан айырылған еді. Осы кезеңде алматылық клубтың түлегі Дастан Сәтпаев барлық турнирде 41 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Фото: ҚФФ
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған