457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Қазақстандық футболшы, Англияның «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) 2026 жылғы Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.

Бұл бастама БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бірауыздан қолдауына ие болып, бүкіл әлемде волонтерлік қызметті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және жанашырлық, ынтымақ пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Дастан Сәтпаев бүгінде Лондонның әйгілі «Челси» клубының ойыншысы саналады. Қазіргі уақытта қазақстандық шабуылшы ағылшындық команданың негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, жаңа маусымға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Фото: "Челси" ФК