457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуына қатысты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо өткізген алғашқы жаттығуға қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клуб маусым алдындағы дайындықтан фотосуреттер жариялады. Кадрлардың бірінде 17 жастағы қазақстандық шабуылшыны, сондай-ақ жаңа ойыншы Жеовани Кенданы және команда көшбасшысы Коул Палмерді көруге болады.

«Челсидің» мәліметінше, алғашқы жаттығуға Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, Эммануэль Эмега, Жеовани Кенда және Дастан Сәтпаев қатысты. Бұған дейін «Қайрат» клубы жас футболшының лондондық ұжымның оқу-жаттығу жиынына жоспарланған мерзімнен бұрын қосылуына келісім берген болатын.

Футболшылар бейсенбі күні таңертең Кобхэмдегі жаттығу базасына жиналып, Хаби Алонсоның жетекшілігімен жұмысқа кірісті. Медициналық тексеруден өткеннен кейін ойыншылар дене дайындығы мен доппен жаттығуларға ден қойды.

Британдық БАҚ мәліметінше, «Челси» Азия турына аттанғанға дейін Хаби Алонсо Сәтпаев пен командаға жаңадан қосылған басқа да жас футболшылардың мүмкіндігін жеке бағалайды.

 

Фото: "Челси" ФК