457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев U-19 құрамасы сапында Еуро-2026 іріктеуінде ойнай ала ма?

Қазақстан U-19 құрамасы іріктеу кезеңіндегі тобында Нидерландыны артта қалдырып, элиталық раундқа жолдама алған.

Алматының «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанның U-19 жастар құрамасында ойнау мүмкіндігі бар.

 Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық құрамалар департаментінің менеджері Рахат Әкімқұл мәлімдеді.

Қазақстан U-19 құрамасы іріктеу кезеңіндегі тобында Нидерландыны артта қалдырып, элиталық раундқа жолдама алған. Аталған кезеңнің матчтары 2026 жылдың 25-31 наурызы аралығында Румынияда өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық жастар Украина, Румыния және Солтүстік Ирландиямен бір топқа түсті.

Дастан Сәтпаевтың осы матчтарға қатысу мүмкіндігі туралы сұраққа Рахат Әкімқұл нақты жауап берді.

«Дастан Сәтпаев U-19 құрамасында ойнай алады. Ол 2008 жылы туған, яғни жас ерекшелігі бойынша толық сәйкес келеді. Егер жастар құрамасының бапкерлер штабы ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен келісіп, ортақ шешімге келсе, оны элиталық іріктеу матчтарына тартуға болады», – деді Әкімқұл Nursultan Qurman YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, наурыз айында Дастан Сәтпаев Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында FIFA Series аясында өтетін жолдастық кездесулерге қатысады. Алайда бапкерлер штабы оны жолдастық емес, ресми іріктеу матчтарына қосуды жөн деп тапса, бұл нұсқа да қарастырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Сәтпаев бұған дейін Қазақстанның U-21 құрамасы және ұлттық құрама сапында да ойын өткізген. Өткен маусымда ҚПЛ-де 14 гол соғып, «Қайраттың» чемпион атануына үлес қосты. Ал биыл барлық турнирде 41 матчқа қатысып, 19 гол және 8 нәтижелі пас тіркеді.

Осылайша, Дастан Сәтпаевтың U-19 құрамасына шақырылуы – бапкерлер штабы арасындағы келісімге байланысты шешілетін мәселе болып отыр.

Фото: КФФ