Мәзір
Футбол

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» «Реалға» қарсы жоспарын айтты

Сабина Асқарқызы 265 қаралым
Дастан Сәтпаев «Қайраттың» «Реалға» қарсы жоспарын айтты

Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев алдағы ойын алдындағы ойымен бөлісіп, командасының мадридтік «Реалға» қарсы қандай тактикамен ойнайтынын түсіндірді.

Екі команда 30 қыркүйекте Алматыда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында кездеседі.

Футболшының айтуынша, команда қиын сынаққа дайын және тәртіпке сүйеніп ойнауға ниетті:

 «Біз оларды қос-қостан қарсы алып, допты тартып алуды жеңілдетеміз немесе қорықпай, бір-бірден күреске түсеміз. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе, өзімізді көрсеткіміз келеді. Маған ең бастысы — команданың табысқа жетуі және осы матчтан барынша нәтиже шығара алуы. Әрине, қарсылас оңай емес, «Реал» бірнеше рет Чемпиондар лигасының чемпионы атанған. Бірақ біз соңына дейін күресеміз. Жанкүйерлер үшін ойнасақ, бәрі ойдағыдай болады деп сенемін», — деді Сәтпаев «Qazsport» телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Қайрат» топтық кезеңдегі алғашқы ойынында сырт алаңда Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен есе жіберген еді.

ФОТО: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар