Дастан Сәтпаев «Қайратқа» қайта оралуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен лондондық «Челсидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жыл соңына дейін алматылық клубқа қысқа мерзімге жалға берілуі мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.
«АЗИЯ-СПОРТ» арнасының мәліметінше, қазақстандық футболшыны еурокубоктарда өнер көрсетіп жатқан «Қайратқа» уақытша жіберу нұсқасы қарастырылып жатыр.
Сәтпаевтың Алматыға қайта оралу ықтималдығы «Қайраттың» еурокубоктағы нәтижесіне де байланысты. Егер алматылық клуб «Левскиден» өтіп, кем дегенде Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, қазақстандық шабуылшының командаға жалға келу мүмкіндігі арта түспек.
Бұдан бөлек, Сәтпаевтың мансабын Англияның «Халл Сити» немесе Францияның «Страсбург» клубтарының бірінде жалғастыруы мүмкін деген ақпарат та тарады.
Қазір 17 жастағы футболшы «Челсидің» маусым алдындағы дайындығына қатысып жатыр. Ол 12 тамызда 18 жасқа толғаннан кейін лондондық клубтың толыққанды ойыншысы атанады.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған