Дастан Сатпаев Еуропадағы жаздың ең үздік трансферлерінің қатарына енді
Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың алматылық «Қайраттан» лондондық «Челсиге» ауысуы ресейлік «Чемпионат» порталының нұсқасы бойынша Еуропадағы жазғы трансферлік кезеңнің ең үздік 10 келісімінің қатарына енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Басылым 17 жастағы футболшының трансферін оның жасына, көрсеткен нәтижесіне және болашағына байланысты ерекше бағалаған. Сарапшылардың пікірінше, Сәтпаев ұзақмерзімді перспективада үлкен үміт күттіретін ойыншылардың бірі саналады. Мәліметке сәйкес, «Челси» бұл ауысымды алдын ала жоспарлап, футболшымен келісімді 2025 жылдың ақпан айында жасаған. Ал «Қайратпен» трансфер құны шамамен 2,4 миллион еуро көлемінде келісілген.
Қазіргі таңда Дастан кәмелет жасына толмағандықтан, ағылшын клубына ресми түрде тек 2026 жылдың жазында қосылады. Бұған дейін БАҚ-та трансфер құны қосымша бонустармен бірге шамамен 4 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.
«Чемпионат» нұсқасы бойынша жаздың басты трансферлері қатарында:
Энтони Гордон («Ньюкасл Юнайтед» – «Барселона»)
Жереми Жаке («Ренн» – «Ливерпуль»)
Жеовани Кенда («Спортинг» – «Челси»)
Дастан Сәтпаев («Қайрат» – «Челси»)
Родриго Саласар («Брага» – «Спортинг»)
Адриен Томассон («Ланс» – «Ренн»)
Альфонсо Педраса («Вильярреал» – «Лацио»)
Жоан Гаду («Ред Булл Зальцбург» – «Боруссия Дортмунд»)
Антуан Гризманн («Атлетико Мадрид» – «Орландо Сити») бар.
Сәтпаев өткен маусымда жоғары нәтижесімен көзге түсті. Ол УЕФА Чемпиондар лигасында дебют жасап, турнир тарихындағы ең жас гол авторларының біріне айналды. Барлық жарысты қосқанда шабуылшы 41 матчта 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ал Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында 13 кездесуде 5 гол және 2 ассист тіркеді.
Фото: "Қайрат" ФК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған