Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі шабуылшыларының қатарына енгізілді
Лондондық «Челси» клубына арналған Don AVE жанкүйерлік X-парақшасы жаңа маусым алдындағы шабуыл шебіндегі жағдайды саралап, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарияланған мәліметке сәйкес, бұған дейін «Челсидің» «Брайтон» шабуылшысы, 35 жастағы ағылшын футболшысы Дэнни Уэлбекті өз қатарына қосуға жақын екені хабарланған болатын.
Автордың пікірінше, клубтағы шабуылшылар құрамында бірқатар өзгеріс болуы мүмкін. Атап айтқанда, Николас Джексон мен Марк Гиудың командадан кетуі ықтимал. Эммануэль Эмега жарақат алмаған жағдайда жалға берілуі немесе 2027 жылға дейін клубта қалуы мүмкін. Ал Лиам Делапқа тиімді ұсыныс түссе, сатылуы ғажап емес.
Ал қазақстандық Дастан Сәтпаев клубта қалып, жас ерекшелігіне сай кезең-кезеңімен дамуын жалғастырады деген болжам жасалған.
Сондай-ақ Don AVE алдағы маусымда «Челсидің» негізгі шабуыл шебінде өнер көрсетуі мүмкін үш футболшының қатарында Жоао Педро, Дэнни Уэлбек және Дастан Сәтпаевты атады. Автор бұл құрам ойыншылардың жарақатына және трансферлік жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін де атап өтті.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады. Ал бүгін, 28 шілдеде, ол Австралиядағы маусымалды турне аясында өтетін «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде лондондық клуб сапында алғаш рет алаңға шығуы мүмкін.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған