Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі оқу-жаттығу жиынына шақырту алды
Лондонның «Челси» клубы маусым алдындағы турнеге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрамға Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енгізілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алдағы апталарда 18 жастағы қазақстандық футболшы жаттықтырушылар штабының сеніміне ие болып, өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік алады.
Жаңа маусымға дайындық аясында «Челси» Аустралия мен Азияда бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Лондондық клуб «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм Хотспур», «Ювентус», «Милан» және Малайзияның «Джохор Дарул Тазим» командаларымен кездеседі.
Маусым алдындағы дайындық қорытындысы бойынша клубтың жаттықтырушылар штабы Сәтпаевтың «Челси» жүйесіндегі алдағы рөліне қатысты шешім қабылдайды.
Еске салсақ, Дастан Сәтпаев кәмелет жасына толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады. Оған дейін «Қайрат» академиясының түлегі Қазақстан чемпионатындағы жарқын ойынымен көзге түсіп, лондондық клуб скауттарының назарын аударған болатын. Енді ол маусым алдындағы турне барысында Еуропаның жетекші клубтарының бірі сапында өзін көрсетуге мүмкіндік алады.
Фото: "Челси" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған