Дастан Сатпаев «Челсидің» маусым жаңалығы болуы мүмкін
«Челси» клубы туралы жаңалықтар мен пікірлер жариялайтын GenuineTakes X аккаунты лондондық команданың жаңа ойыншылары Дастан Сатпаев пен Жеовани Кендаға жанкүйерлер тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүргенін айтты, деп жазады malimsports.kz.
Қазір екі жас футболшы да «Челсидің» Азия турнесі аясындағы маусым алдындағы дайындығына қатысып жатыр.
«Неге екенін білмеймін, бірақ 2026/27 маусымы алдында көпшілік Хаби Алонсоның командасындағы Дастан Сатпаев пен Жеовани Кенданың мүмкіндігін бағаламай жүргендей көрінеді. Мен дәл осы екі футболшыны "Челсидің" жаңа маусымдағы басты жаңалықтары болуы мүмкін деп санаймын», – деп жазды GenuineTakes.
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Дастан Сатпаев биыл жазда «Қайрат» сапындағы өнерінен кейін «Челсиге» қосылды. Ал португалиялық Жеовани Кенда лондондық клубқа «Спортингтен» ауысты.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған