Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы екінші жолдастық матчына қатысты
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жаңа маусым алдындағы дайындық аясында Лондонның «Челси» клубы сапындағы екінші жабық жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Amanvibe.kz мәліметінше, 17 жастағы футболшы Англияның «Бромли» командасына қарсы кездесудің екінші таймында алаңға шықты. Матч «Челсидің» 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.
Лондондық клубтың сапында Джейми Гиттенс, Эммануэль Эмега және Жоау Педру мергендік танытты.
Бұл кездесу Дастан Сәтбаевқа маусым алдындағы дайындық барысында «Челсидің» бапкерлер штабы алдында өзін тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік берді. Бұған дейін қазақстандық шабуылшы команданың алғашқы жабық жолдастық матчында да алаңға шыққан болатын.
Фото: "Челси" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған