Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты
Қазақстан құрамасы мен Лондонның «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшын командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақ футболшысы бұл жетістікке Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде қол жеткізді. Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастап, ойынның 7-минутында қақпашымен жеке дара шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланып есеп ашты.
Бұл кездесу «Челсидің» Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы ойыны болды. Матч Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевтың алдағы тағдырына қатысты шешімді маусым алдындағы бақылау матчтарының қорытындысы бойынша қабылдайды.
Айта кетейік, қазақстандық шабуылшының бұл голы оның «Челси» сапындағы алғашқы нәтижелі соққысы ретінде тіркелді.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған