Мәзір
Футбол

Дастан Сәтпаев «Брюггеге» қарсы ойында алаңға шықпайды

Сабина Асқарқызы 88 қаралым
Дастан Сәтпаев «Брюггеге» қарсы ойында алаңға шықпайды

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі 7-тур аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен өтетін матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бас бапкердің айтуынша, қысқы трансферлік кезеңде командаға қосылған ойыншылар алдағы кездесуге қатыса алмайды. Сондай-ақ жарақат салдарынан бірқатар футболшы матчтан тыс қалады.

– Сондықтан өткен маусымнан бері командада ойнап жүрген жігіттерге сенім артамыз. Құрамда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Маусым соңында ота жасатқан Офри Арад пен жарақатынан толық айықпаған Дастан Сәтпаев бұл ойынға қатыспайды. Қазір біз үшін ең бастысы – футболшылардың денсаулығы. Чемпиондар лигасындағы жағдайымызды білеміз, негізгі мақсаттар алда. Қарсыластардың барлығы жоғары деңгейлі командалар, – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, кездесу 20 қаңтар күні сағат 20:20-да елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

 

Фото: instagram.com/d.satpayev

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар