457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев «Бернли» клубына ауысқаннан кейінгі алғашқы сұхбатын берді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсиден» жалға ауысқаннан кейін «Бернли» клубының баспасөз қызметіне алғашқы сұхбатын берді, деп хабарлайды malimsports.kz.

18 жастағы қазақстандық футболшы жаңа командаға қосылғанына қуанышты екенін айтып, бұл қадам өзінің кәсіби мансабындағы маңызды кезең екенін атап өтті.

«Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Бұл – менің мансабым үшін тамаша мүмкіндік. «Бернли» – өз мүмкіндігімді көрсетуге қолайлы клуб. Команданың өзіне лайықты деңгейге қайта оралуына көмектескім келеді. Бұл – ағылшын футболындағы алғашқы тәжірибем. Жаңа кезеңді бастауға толық дайынмын және «Бернлидегі» уақытым сәтті өтеді деп сенемін», – деді Дастан Сәтпаев.

Еске салсақ, бұған дейін «Бернли» клубы қазақстандық шабуылшының Лондонның «Челси» клубынан 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жалға алынғанын ресми түрде жариялаған болатын.

Жазғы маусым алдындағы дайындық барысында Дастан Сәтпаев «Челси» сапында бірнеше жолдастық кездесуге қатысып, алғашқы голын соқты.

Қазақстандық футболшы «Қайраттың» негізгі құрамында 2024 жылдың мамыр айында небәрі 15 жасында дебют жасады. Алматылық клуб сапында барлық турнирде, оның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарын қоса алғанда, 58 ойын өткізіп, 26 голдың авторы атанды.

 

Фото: "Бернли" ФК

Ең көп оқылған