Мәзір
Футбол

Дастан Сәтпаев «Бернли» клубы сапында дебют жасады

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
Дастан Сәтпаев «Бернли» клубы сапында дебют жасады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бернли» клубы сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Чемпионшиптің екінші туры аясында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвич Альбионмен» кездесті. Матчтың 56-минутында бас бапкер Ники Хайен шабуылды күшейту мақсатында 18 жастағы қазақстандық футболшыны алаңға шығарды. Дастан Сәтпаев қорғаушы Оливер Сонненің орнына ойынға қосылды.

Осылайша, алматылық «Қайрат» клубының түлегі Англия кәсіби футболындағы алғашқы ресми кездесуін өткізді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл жазда Лондонның «Челси» клубымен 2033 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған болатын. Маусым алдындағы дайындық кезінде бірнеше жолдастық матчқа қатысып, алғашқы голын соққан қазақстандық шабуылшы тұрақты ойын тәжірибесін жинақтау мақсатында 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін «Бернлиге» жалға берілді.

 

Фото: "Бернли" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар