Мәзір
Футбол

Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты

Сабина Асқарқызы 148 қаралым
Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Бельгия арасындағы матчта еліміздің құрамасының ең жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев тоғызыншы минутта гол соқты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

«Астана-арена» стадионында өткен ойын басталысымен отандық теңбіл доп шеберлері бірден шабуылға шықты. Тоғызынша минутта 17 жастағы жас футболшының құрама сапында соққан алғашқы голын соғып, басымдықты алға шығарды.

Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасындағы бірінші ойынын19 наурызында Кюрасао құрамасы қарсы өткізген болатын. Содан бері ол ұлттық құрамада алты ойын өткізді.

Айта кететін жайт, Бельгия мен Қазақстан арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қазір турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін 8 ұпаймен төртінші орынға жайғасса, Бельгия 15 ұпаймен көш бастады.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар