457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев аптаның үздік трансферлері қатарынан көрінді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубына ауысуы «Спорт-Экспресс» нұсқасы бойынша өткен аптаның ең маңызды он трансферінің қатарына енді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Басылымның мәліметінше, лондондық клуб қазақстандық футболшыны «Қайраттан» 2025 жылдың ақпанында сатып алуға келісім жасаған. Алайда трансфер Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін ғана ресми түрде аяқталды.

18 жастағы шабуылшы «Челсимен» 2033 жылға дейін жарамды келісімшартқа отырды.

Сәтпаев осы жазда лондондық команданың Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесіне қатысып, негізгі құрам сапында төрт матч өткізді. Сол кездесулердің бірінде қазақстандық футболшы «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соқты.

Жаңа маусымда «Челси» жас шабуылшыны Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернлиге» жалға берді. Бұл қадам Сәтпаевқа Англиядағы жоғары деңгейдегі тұрақты ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді.

Осылайша қазақстандық футболшының трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі болғанымен, алдағы кезеңде ол «Бернли» сапында өнер көрсетеді.

 

Фото: "Бернли" ФК

Ең көп оқылған