457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтпаев 21 жасқа дейінгі ТОП-10 шабуылшының қатарына енді

Алматының «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жас форварды Дастан Сәтпаев әлем футболындағы ең әлеуеті жоғары 21 жасқа дейінгі шабуылшылардың ТОП-10 қатарына енді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мұндай рейтингті халықаралық TransferRoom платформасы жариялады. Портал бағалауы бойынша, болашағынан зор үміт күттіретін жас таланттардың үздік ондығы төмендегідей:

Харалампос Костулас (Грекия, 18 жас), “Брайтон” – 91,3

Витор Роке (Бразилия, 20 жас), “Палмейрас” – 91,1

Кристиан Кофане (Камерун, 18 жас), “Байер” – 90,0

Кадер Мейте (Франция, 18 жас), “Ренн” – 89,8

Эндрик (Бразилия, 19 жас), “Реал” – 89,7

Кауа Элиас (Бразилия, 19 жас), “Шахтёр” – 88,8

Стефанос Цимас (Грекия, 19 жас), “Брайтон” – 88,8

Саму Агехова (Испания, 21 жас), “Порту” – 88,7

Конрад Хардер (Норвегия, 20 жас), “Лейпциг” – 88,6

Дастан Сәтпаев (Қазақстан, 17 жас), “Қайрат” – 88,5

Бұған дейін де Дастан Сәтпаев әлемнің ең перспективалы бес жас футболшысының қатарына кірген болатын.

 

 

Фото: Instagram/f.c.kairat