Дастан Сәтбаевтың «Челси» сапындағы дебюттік голы Аустралиядағы турнирдің үздік голы атанды
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың Англияның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голы Аустралияда өткен Sydney Super Cup маусымалды турнирінің үздік голы деп танылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аустралияның кәсіби футбол лигасы - A-League өзінің Instagram парақшасында турнирдегі ең үздік голдардың рейтингін жариялады. Тізімнің бірінші орнына 17 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына соққан дебюттік добы жайғасты.
Сондай-ақ үздік голдар қатарына Матис Тельдің «Сидней» қақпасына соққан добы, Айдан Хэммондтың «Челсиге» қарсы матчтағы голы, Дариу Эссугудың «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына соққан добы және Дилан Шиклунаның «Челсиге» қарсы кездесудегі голы енді.
Еске салсақ, Дастан Сәтбаев «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойында «Челсидің» негізгі құрамында алаңға шықты. Кездесудің 7-минутында Райан Кавума-Маккуиннің дәл пасынан кейін қарсылас қорғанысын жарып өтіп, қақпаның жоғарғы жақын бұрышын дәл көздеп, есеп ашқан болатын.
Аталған кездесуде лондондық клуб австралиялық команданы 6:4 есебімен жеңді.
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған