457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дастан Сәтбаевтың «Бернлидегі» дебютіне болжам айтылды

18 жасқа толғаннан кейін Сәтбаев «Қайраттан» «Челсиге» ресми ауысып, ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Кейін лондондық клуб футболшыны маусым соңына дейін «Бернлиге» жалға берді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы алғашқы ойынына қатысты болжам жасалды. Жасанды интеллекттің пайымынша, қазақстандық футболшы «Вест Хэмге» қарсы матчты қосалқы құрамда бастап, екінші таймда алаңға шығуы мүмкін, деп жазады malimsports.kz. 

18 жасқа толғаннан кейін Сәтбаев «Қайраттан» «Челсиге» ресми ауысып, ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Кейін лондондық клуб футболшыны маусым соңына дейін «Бернлиге» жалға берді.

«Бернли» 16 тамызда Англия чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Вест Хэмді» қабылдайды. Бұл кездесу Сәтбаевтың ағылшын футболындағы алғашқы ресми ойыны болуы ықтимал.

ChatGPT болжамына сәйкес, оның негізгі құрамда шығу мүмкіндігі 20-25 пайыз, ал екінші таймда алаңға қосылу ықтималдығы 60-65 пайыз шамасында. Егер матчқа қатысса, Сәтбаевтың 60-75 минуттар аралығында ойынға араласуы мүмкін.

Жас футболшының әмбебаптығы «Бернли» үшін маңызды артықшылық болуы ықтимал. Ол шабуыл шебінде орталық шабуылшы ретінде де, оның артындағы позицияларда да ойнай алады. Болжам бойынша, Сәтбаевтың алғашқы ойындағы негізгі рөлі — шабуылда жылдамдық қосып, қарсыластың қорғанысындағы бос аймақтарды пайдалану.

Сонымен қатар жасанды интеллект қазақстандықтың алғашқы матчта гол соғу мүмкіндігін 15-20 пайыз деп бағалаған. Нәтижелі пас немесе гол соғу ықтималдығы 25-30 пайыз шамасында.

Сәтбаев «Челси» сапындағы маусым алдындағы дайындық кезінде бірнеше кездесуге қатысып, «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соққан. Алайда «Бернлиге» жаңадан қосылғандықтан, жаңа командадағы серіктестерімен толық үйлесіп үлгеруі үшін уақыт қажет.

«Бернли» – «Вест Хэм» матчы бүгін, 16 тамызда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған